07
сентябрь
2023
ДЕНСАУЛЫҚ – ӨМІР НЕГІЗІ!
Бүгін мектеп-гимназияда 7 қыркүйек – Денсаулық күніне орай «Денсаулық – өмір негізі» тақырыбында өткізілетін іс-шаралардың ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанаты ҚР Мемлекеттік Гимнімен басталып, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен дене жаттығуларымен жалғасын тапты.
Мақсаты: жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру, қимылдық іскерлігін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және нақты орындай білуге үйрету.


