АТА-АНАЛАР ТӘРБИЕ САҒАТЫН ӨТТІ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» АТА-АНАЛАР ТӘРБИЕ САҒАТЫН ӨТТІ!
28
ноябрь
2023

АТА-АНАЛАР ТӘРБИЕ САҒАТЫН ӨТТІ!

Мектеп-гимназияда «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» негізінде  3 «Д» сыныбының оқушыларына «Тазалық-денсаулық кепілі» тақырыбында құндылыққа негізделген тәрбие сағатын ата-ана – Танашева Ақсәуле мен Абылхасова Айгерім өткізді. Оқушылар сабақ барысында денсаулық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту үшін топтық жұмыстар орындап, ребустардың шешімін тапты. Сонымен қатар гигиеналық құралдардың түрлеріне тоқтала отырып, өз денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамытты.
Мақсаты: 
а) Балалардың денсаулық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Тазалық құралдары туралы айта білуге, оларды пайдалана білуге үйрету.
ә) Қоршаған ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.
б) Оқушыларды болашақтың тірегі болатын дені сау,жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу.