05
сентябрь
2023
ЭССЕ БАЙҚАУЫ ӨТТІ!
Бүгін мектеп-гимназияда 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ұлт ұстазы» тақырыбында эссе байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты:
• Тәуелсіз Қазақ елінің ғаламдық өркениет пен мәдениет биігінде алар орнын шығармаға арқау ету, насихаттау;
•Ғасырлар бойы бабалар арманы болған егемендік пен еркіндікке жеткен бүгінгі жас, тәуелсіз еліміздің іргетасын одан әрі бекемдеу, қазақ тілінің мәртебесін асыру бүгінгі жас ұрпақтың қасиетті парызы екенін тереңірек ұғындыру.
•Ел ертеңі саналатын жастар мен жасөспірімдердің бойында патриоттық сезімдерін оятып, бейбітшілік пен берекелі өмірдің мәні мен маңызын эссе тілінде сөйлетіп, өлең тілінде асқақтату.

