05
сентябрь
2023
ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ – ЗАМАН ТАЛАБЫ!
Бүгін мектеп-гимназияда 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылған апталық аясында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Знаешь ли ты русский язык?» тақырыбында викториналық ойын өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың қазақ, орыс тілдеріне деген қызығушылықтарын оятып, тіл үйренуге деген ықыластарын туғызу. Балалардың сөздік қорлары мен тіл байлығын дамыту. Ана тілі мен өзге тілдерді құрмет тұтуға, достыққа тәрбиелеу.


