05
сентябрь
2023
ТІЛ МЕРЕКЕСІ – ЕЛ МЕРЕКЕСІ!
Бүгін мектеп-гимназияда 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылған апталық аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ руханиятының көсемі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолына арналған баяндама оқылып, оқушылар ұлт ұстазының шығармашылығынан қойылым қойды. Ұлт көсемі А. Байтұрсынұлының қазақ халқының руханияты үшін жасаған орасан зор еңбегі оқушыларға кеңінен насихатталды. А.Байтұрсынұлына арналған дөңгелек үстелдің оқушыларға беретін танымдық, тағылымдық және тәрбиелік мәні зор болды.






