04
май
2023
АЙБЫНДЫ ӘСКЕР ЕЛ ТІРЕГІ!
4 сәуір күні мектеп-гимназияда 7 мамыр – Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай тарих пәнінің мұғалімі Сапарбаев Бекзаттың ұйымдастыруымен «Айбынды әскер – ел тірегі» тақырыбында ерлік сабағы өтті. Ерлік сабағында халық қаһармандарының ерліктері туралы айтылып, оқушылардың сұрақтарына жіті жауап берілді. Оқушылар патриоттық рухқа тәрбиеленіп, елдігіміз бен бейбітшіліктің қадірін ұғып, Жеңіс күнінің оңай келмегенін ұқты.








