04
май
2023
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНА АРНАЛҒАН КӨШПЕЛІ КӨРМЕ ӨТКІЗІЛДІ!
Бүгін мектеп-гимназия оқушылары 9 мамыр-Жеңіс күніне орай Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінде Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлына арнап ұйымдастырылған көшпелі көрменің көзайымы болды. Көрме барысында оқушыларымызға батыр атамыздың заттары, әскери киімдері, майдандағы жазу дәптері таныстырылды.
Көрменің мақсаты: Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмір жолдарымен таныстыру, оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру.



