28
апрель
2023
МЕН ЖӘНЕ ТАБИҒАТ!
26 сәуір күні мектеп-гимназияда «Экология әліппесі» апталығының аясында 3 «Ә» сыныбының жетекшісі Абилғазина Гүлбақыт «Мен және табиғат» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Психологиялық ахуал хормен өлең оқу арқылы қалыптасып, қызығушылықты ояту мақстанда оқушыларға түрлі сұрақтар қойылды. Оқушылар топтық жұмыстар орындау барысында тірі табиғатты, өлі табиғатты ажыратып, постер қорғады. Сергіту сәтінде «Ақбұлақ» әні орындалды. Шығармашылық тапсырма барысында жұптық жұмыстар орындалып, өз пікірлерін дәлелдеп айтты. Сонымен қатар оқушылар табиғатқа арнап өлең шығарып, ырым-тыйымдарға да тоқталды. Сабақ өте жақсы деңгейде өтіп, кері байланыс жүзеге асты.







