14
апрель
2023
ӘДЕПТІ БАЛА – АРЛЫ БАЛА!
14 сәуір күні мектеп-гимназияда «Әдептілік – адамгершілік әліппесі» апталығының барысында 1 «В» сыныбының жетекшісі Қасымова Айгүл «Әдепті бала – арлы бала» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Оқушылар сабақ басында «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы жақсы тілектерін тілеп, тақырып төңірегінде жыр шумақтарын тарту етті. Үлестірмелі суреттермен жұмыс жасап, өз ойларын еркін жеткізе білді. Сонымен қатар жұптық, топтық жұмыстар орындалып, «Ізетті бала» тақырыбында көрініс қойылды.
Мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.




