18
апрель
2023
БІЗ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОТАНСҮЙГІШ ҰЛАНЫМЫЗ!
Бүгін мектеп-гимназияда "Біз-Қазақстанның отансүйгіш ұланымыз" апталығының аясында 2 "В" сыныбының жетекшісі Сарбасова Назира "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Тәрбие сағаты ҚР Мемлекеттік Гимнімен басталып, Тәуелсіздік жетістіктері туралы ақпарат берілді. Оқушылар "Отан" сөзіне постер қорғап, "Бес жолды өлең" әдісі арқылы Отанға арнап өлең жазды. Сергіту сәтінде "КҮН сәулелері" әдісімен бір-біріне ізгі тілектер білдірді. Сабақ өте әсерлі болып, "Көк туымызды желбіретіп жүрейік!" ұранымен кері байланыс жүзеге асты.














