ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ!
04
апрель
2023

ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ!

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз Ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері мектеп-гимназияда «Бабадан қалған қолтаңба» тақырыбында жылжымалы көрме жасақтап, «Тарих төріндегі Тараз» тақырыбында танымдық дәріс оқыды. Дәріс барысында ғылыми бөлім қызметкері Мадина Мананбайқызы оқушыларға музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштерінің қайталанбас тарихымен, кесенелерге қатысты әртүрлі аңыз, әңгімелермен таныстырды. Ең алдымен көне дәуірлердің естелігі, үлкен руханият орталығы болған, екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз шаһарының тарихына тоқталып өтті. 
Тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызы 2011–2017 жылдар аралығында мекемеге қарасты нысанның бірі – «Көне Тараз» аспан асты саябағында жүргізілген археологиялық жұмыстар кезінде табылған қала орны мен құнды әрі бірегей жәдігерлердің тарихын баяндады. Атап айтсақ, әр кезеңге жататын мәдени қабаттан табылаған қыш бұйымдары мен металдан жасалған бұйымдардың мерзімін, жасалу техникасы мен пайдалану мақсаттарын түсіндірді.