17
январь
2020
Сольлаль фестивалі (Корей халқының ұлттық жаңа жылы)"
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында Байзақ аудандық корей этносы мәдени орталығының директоры Шин Наталья Николаевна және Н. Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының ұстазы, осы орталықтағы корей тілінің мұғалімі Айтжанова Алияның ұйымдастыруымен "Сольлаль фестивалі (Корей халқының ұлттық жаңа жылы)" өтті. Фестиваль қонақтары Тараз инновациялық- гуманитарлық университетінің профессоры Ли Мин Дже, Н. Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының ардагер ұстазы Қосымова Гүлнар Габбасовна, Н. Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры Ермекова Гульбахрам Серікқызы. Корей тілін үйреніп жүрген Н.Киікбаев және Ғ.Мұратбаев гимназиясының оқушылары корей тілінде өлеңдер оқып, ұлттық билерін билеп, корей халқының өмір сүру салтын көрсетіп көрермендерді тәнті етті. Фестиваль қортындысында өнер көрсеткен оқушыларға Байзақ аудандық корей этносы мәдени орталығының атынан сыйлықтар табыс етілді.










