03
апрель
2023
ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ АЙЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ!
Оқушылардың орыс тілі мен әдебиет пәні бойынша коммуникативтік дағдыларын дамыту, тіл мәдениетін арттыру мақсатында 3 сәуір күні мектеп-гимназияда орыс тілі мен әдебиет пәні айлығының ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанаты барысында оқушылар танымдық ойындарға қатысып, қонаққа келген аюлармен бірге орыс халық әндеріне би билеп, тәтті сыйлақтарға ие болды. Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері оқушыларды айлық барысында жүзеге асатын іс-шараларға белсене атсалысуға шақырды.






