31
март
2023
ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ АЙЛЫҒЫНЫҢ БАРЫСЫНДА ВИКТОРИНАЛЫҚ ОЙЫН ӨТТІ!
31 наурыз күні орыс тілі мен әдебиет пәні айлығының жоспарына сәйкес мектеп-гимназия мұғалімдерінің арасында О
Қарабаева А.А. мен Сейтханова С.С. ұйымдастыруымен «Занимательно о русском языке» тақырыбында викториналық ойын өтті.
Ойынның мақсаты: танымдық тапсырмалар орындау арқылы орыс тілі мен әдебиет пәніне қызығушылық тудыру, зейінді, логиканы және жалпы интеллектті дамыту, орыс тілінің сұлулығын, ерекшелігін көрсету.
Викториналық ойын барысында мұғалімдер мектеп қабырғасында алған білімдерін еске түсіріп, белсенді жұмыс жасады. Ребустар шешіп, тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ажыратып, орыс халқының атақты ақын-жазушыларының шығармаларын оқып сайысқа түсті. Әділқазы алқаларының шешімімен жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.











