29
декабрь
2023
БАЛА ТІЛЕГІН ОРЫНДАУ – ОЛАРДЫҢ ЖҮРЕГІНЕ МЕЙІРІМ МЕН ЖЫЛУ ОРНАТАДЫ!
Жаңа жыл балалардың асыға күтететін мерекесі. Асқақ арманның орындалуы, сиқырға толы атмосфера және жақындап келе жатқан ғажайып сезім – жаңа жылдық көңіл-күй мен салтанаттың өзгермейтін атрибуттары. Осы орайда мектеп-гимназияда «Жаңа жыл-2024» мерекесіне орай игі дәстүрге айналған «Тілектер шыршасы» қайырымдылық акциясы өтті. Акция барысында мектеп-гимназия директоры Ермекова Гүлбахрам Серікқызы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар мен ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды мерекемен құттықтай отыра ізгі тілегін білідіріп, жаңа жылдық сыйлықтарды тарту етті.
Бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй, қуаныш пен ғажайып сыйлау мақсатында өткен іс-шараға бір адамдай атсалысып, демеушілік көрсеткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Алданышқызы, Байзақ ауданы мәслихатының депутаты Асылбек Жантаев, Жамбыл облысына белгілі кәсіпкер Досан Рымтаев, мектеп-гимназия директоры Ермекова Гүлбахрам Серікқызы мен мектеп-гимназия мұғалімдеріне алғысымызды білдіреміз!
