ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ АЙЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ АЙЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ!
04
март
2024

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ АЙЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ!

Мектеп-гимназияда 4 наурыз күні «Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бірлестігінің пәндік айлығының ашылуы өтті.  Ашылу барысында «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде», «Қазақ әдебиетінің жауһарлары»  атты бұрыш көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар домбырада ойнаған өнерлі оқушыларымыз Құрманғазының күйлерін орындаса, ұлттық салт-дәстүрімізді берік ұстанған ұжым  мектеп-гимназия ұстаздары мен оқушыларын ерекше көңіл-күймен қарсы алып,  сұрақ-жауап пен ойындарға белсене қатысқандарға ұлттық асымыздан ұсынды. 
🔸Айлық барысында ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шараларды өткізу жоспарланып, бекітілді.
🔸Негізгі мақсат:оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда құндылыққа бағдарланған тәсілдерді жүзеге асыру арқылы оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру.