18
октябрь
2023
«ЖАС МАМАН ТӘЖІРИБЕСІНЕН: ҰСЫНЫСТАР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ АЛАҢЫ ӨТТІ!


Жас мамандарды «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру мақсатында өткен іс-шарада жас мамандар жаңартылған білім беру мазмұны аясында заманауи әдістемелер мен озық педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, желілік қауымдастықта қазақ тілі мен әдебиеті сабағын тиімді ұйымдастыру жолдарын ұсынды. Іс-шараға мектеп-гимназиядан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амалбекова Махаббат қатысып, «Сөз мәйегі – мақал-мәтел» жобасының аясында өз тәжірибесімен бөлісті. Ашық алаңда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін, әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру, кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасалды. Білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды тиімді пайдалану жолдары талданып, іс-шара барысында пән мұғалімдеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.