11
январь
2024
ТІЛ-ЕҢ АСЫЛ ҚҰНДЫЛЫҚ!
Мектеп-гимназияда 11 қаңтар күні “Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер” жобасы бойынша 5-сынып арасында “Тіл білгірі” сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты:
1. Оқушыларды «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету.
2. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу
Қызыққа толы сайыс барысында оқушылар тартысты ойын көрсетіп, сайыс жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.






