11
октябрь
2023
СӨЗ МӘЙЕГІ – МАҚАЛ – МӘТЕЛ!
Бүгін мектеп-гимназияда «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер» жобасының аясында 2-сынып оқушыларымен «Сөз мәйегі – мақал-мәтел» тақырыбында интеллекталдық ойын өткізілді. Ойын барысында оқушылар сурет арқылы жасырынған мақал-мәтелдерді тауып, жұмбақтардың жауабын айтып, ребус шешті. Сонымен қатар суретте берілген ертегіні тауып, кейіпкерлерін атады.