10
ноябрь
2023
«1001 МАҚАЛ, 101 ЖҰМБАҚ» САЙЫСЫ ӨТТІ!
Мектеп-гимназияда "Оқуға құштар мектеп" жобасы, «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер» жобасы аясында мақал-мәтелдерді дәріптеп, оқушылардың тіл байлығын дамыту мақсатында 4-сыныптардың арасында «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысы өтті. Оқушылар мақалдардың жалғасын, жұмбақтардың жауабын тауып, мақал-мәтелдер жасырынған ребустарды шешті. Сонымен қатар мақал-мәтелдердің мағынасын ашып, суретте берілген ертегілерді анықтады. 5 айналым бойы бір-бірінен озық болуға ұмтылған оқушылар дипломдармен марапатталды.