Оқушыларға » Страница 8 » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ МАМАНДАРЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ!
17
январь
2023
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ МАМАНДАРЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ!
Бүгін мектеп-гимназия оқушыларына Байзақ ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары  «Өрт кезіндегі қауіпсіздік», «Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі», «Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар», «Улы тұншықтырғыш газдан сақтану», «Балалардың отпен ойнауы»,  «112-101» қызметі нөміріне жалған ақпарат бермеу»,  сонымен қатар  10-11 сынып оқушыларына М.Ғабдуллин атындағы «Азаматтық қорғау» академиясын насихаттау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ҰЛДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ!
17
январь
2023
ҰЛДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ!
17 қаңтар күні мектеп-гимназияда «Ұл бала – ұлт қорғаны» тақырыбында ұлдар  жиналыс өтті. Жиналысқа мектеп инспекторы Танабаев Азат Қанатұлы қатысты. Жиналыс барысында  ұл тәрбиесінің ұлт тәрбиесіндгі ролі жайлы сөз қозғалып, ұл баланың қоғамдық ортада өзін ұстау ережесі туралы, отбасындағы ұл баланың негізгі міндеттері туралы айтылды. Сонымен қатар ұл балалардың сабаққа уақытылы қатысуы, мектеп ережесін сақтауы, сабақтан тыс уақыттағы тәртібі жөнінде ескертті. Мектеп инспекторы  түнгі уақытта
ЖАТ ҚЫЛЫҚТАН САҚТАН!
17
январь
2023
ЖАТ ҚЫЛЫҚТАН САҚТАН!
XXI ғасыр - жан-жақты дамып, жетілудің заманы. Өз заманына лайықты қаншалықты ұтымды дүниелер пайда болғанмен, соншалықты кері әсері де бар.  Атап айтсақ, ғаламтор желісінің зияны. Уақыттың текке өтуі, құмар ойындарға тәуелділік, ең бастысы – адамның денсаулығына тигізер кері әсері. Осы орайда 17 қаңтар күні мектеп-гимназияда «Жат қылықтан сақтан» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында жат қылықтар, атап айтсақ, ғаламтор мен құмар ойындарына тәуелділік, оқушылар арасындағы
АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ!
16
январь
2023
АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ!
 Мектеп-гимназияда 16 қаңтар күні «Абайлаңыз, балалар» акциясы аясында «Мектепке апарар жол» тақырыбында қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары барысында жас жол инспекторлары қыс мезгіліндегі жолда жүру ережелерімен таныстырып өтті.
ДЕБАТ ОЙЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ!
11
январь
2023
ДЕБАТ ОЙЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ!
Қаңтардың оныншы жұлдызында мектебіміздің "Ұшқыр ойлар алаңы" дебат клубының қатысушылары арасында пікірсайыс ойындары өткізілді. Ойын “Шуақ”, ”Fenix”, ”Antanta”, ”Тұран ТБ” фракцияларының арасында тартысты өтті.Жалпы саны жиырмаға жуық ойыншылар қатысқан ойын қарарлары келесідей: 1)Бұл палата қаражатты тарихи жәдігерлерді қайта жаңартуға салу ақталады деп есептейді. 2)Бұл палата мектеп формасын еркін формаға алмастыру ақталады деп есептейді. 3)Бұл палата ғаламтор кітапты алмастыра алады деп
КІТАПТАР СЫЙҒА БЕРІЛДІ
29
декабрь
2022
КІТАПТАР СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Жаңа жыл баршамыз үшін ерекше мереке. Бұл күні әсіресе балаларымыз ғажайыптарға сеніп, керемет тосын сыйлар күтетіні белгілі. Осы мереке қарсаңында мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 80 балаға кітаптар тарту етілді. Олардың қатарында көп балалы, аз қамтылған және толық емес отбасыларының балалары бар. Мерекелік жиында мектеп-гимназия директоры Г.Ермекова оқушыларды айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
«Ұланымын Ұлы Елдің» атты аудандық форум
10
декабрь
2022
«Ұланымын Ұлы Елдің» атты аудандық форум
«Ұланымын Ұлы Елдің» атты аудандық форум  Еңселі еліміздің етек жайып, алға қадам басуына үлес қосып, «Жас Ұлан» ұйымының жұмысында белсенділік танытқан Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп – гимназия жасұландықтары алғыс хатпен марапатталды.
ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ КӨРСЕТКІШІ!
24
ноябрь
2022
ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ КӨРСЕТКІШІ!
24 қараша күні мектеп-гимназияда «Қыз Жібек» қыздар клубының жоспарына сәйкес «Адам бойында бәрі де әдемі, сұлу болуға тиіс» тақырыбында кезекті қыздар жиналысының отырысы өтті. Жиналыс барысында қазақ қызына тән мінез-құлық, жеке бас гигиенасы, салауатты өмір салтын ұстану туралы айтылып, тақырыптық бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, қыз тәрбиесіне байланысты  мақал-мәтелдер, ырым-тыйымдар, салт-дәстүрлер айтылып, сұрақтар қойылды. Жиналыс сырласу түрінде өтіп, қыздар жақсы көңіл-күймен
«ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2022»
24
ноябрь
2022
«ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2022»
Өңірімізде мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын іске асыру мақсатында өткен аудандық «Жігіт сұлтаны – 2022» байқауына мектеп-гимназиямыздың 10-сынып оқушысы Ынтымақ Диас қатысып, жүлделі II орынды иеленді. Шәкіртімізді шын жүректен құттықтаймыз!
БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ-БІЗДІҢ БРЕНДІМІЗ!
23
ноябрь
2022
БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ-БІЗДІҢ БРЕНДІМІЗ!
8-11 сынып оқушылары арасында дарынды оқушыларды анықтау,  дамыту, қолдау мақсатында өткізілген облыстық "Қолданбалы лингвистика" олимпиадасында 10-сынып оқушысы Асылбекова Арайлым ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі-орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақбергенова Салтанат Рахметжанқызы