КІТАПТАР СЫЙҒА БЕРІЛДІ » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

29
декабрь
2022

КІТАПТАР СЫЙҒА БЕРІЛДІ

Жаңа жыл баршамыз үшін ерекше мереке. Бұл күні әсіресе балаларымыз ғажайыптарға сеніп, керемет тосын сыйлар күтетіні белгілі. Осы мереке қарсаңында мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 80 балаға кітаптар тарту етілді. Олардың қатарында көп балалы, аз қамтылған және толық емес отбасыларының балалары бар. Мерекелік жиында мектеп-гимназия директоры Г.Ермекова оқушыларды айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.