Оқушыларға » Страница 2 » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

⚜️"ҮЛГІЛІ СЫНЫП", "ҮЛГІЛі ОҚУШЫ"⚜️ челленджі
25
ноябрь
2024
⚜️"ҮЛГІЛІ СЫНЫП", "ҮЛГІЛі ОҚУШЫ"⚜️ челленджі
 Мектеп-гимназияда 1-11 сынып оқушылар аралығында бойында түрлі ерекше қасиеттермен ерекшеленетін оқушыларды анықтау, олардың үлгілі болатындай қасиеттерін дәріптеу, талантты, талапты оқушыларды анықтау , мектепте өзін-өзі басқаруы, шабыт ізденімпаздық, еңбекқорлық, белсенділік қызығушылық сияқты көптеген қасиеттерді бойына сіңіре отырып өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау мақсатында “Үлгілі оқушы “, ” Үлгілі сынып”челленджі ұйымдастырылды.
"Балаға мейірім сыйла!" атты тренинг өткізілді
23
ноябрь
2024
"Балаға мейірім сыйла!" атты тренинг өткізілді
Мектеп-гимназияда 22 қараша күні білім алушыларға рухани- адамгершілік құндылықтарын дарытып бір-біріне және қоғамға деген мейірімділік құндылығына үйрету мақсатында  "Балаға мейірім сыйла!" атты тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушылар «Таңдап ал» ойыны арқылы шарды жарып,  ішіндегі сұрақтарға жауаптар берді. Жақсы адам бойында болатын құнды қасиеттер туралы өз ойларын білдірді.
🔰”ЭЛЕКТРОНДЫ КЕСТЕЛЕР” ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ!
18
ноябрь
2024
🔰”ЭЛЕКТРОНДЫ КЕСТЕЛЕР” ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ!
Мектеп-гимназияда “Білім беруде геймификация мен жасанды интеллектті қолдану: математика мен информатиканы оқытудағы инновациялық тәсілдер” атты математика және информатика пәндері бірлестігі айлығының барысында информатика пәнінің мұғалімі Жылкыбаева Гүлмира 7 “В” сыныбымен “Электронды кестелер” тақырыбында ашық сабақ өтті.  Сабақ мақсаты: Электронды кестенің элементтерін пішімдеу. Сонымен қатар сабақ барысында жасанды интеллектке негізделген тапсырмалар беріліп, топтық, жұптық, жеке жұмыстар
🔰ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН ӨТКІЗІЛДІ!
18
ноябрь
2024
🔰ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН ӨТКІЗІЛДІ!
Мектеп-гимназияда 15 қараша  күні  "Білім беруде геймификация мен жасанды интеллектті қолдану:математика мен информатиканы оқытудағы инновациялық тәсілдер" атты математика және информатика пәндерінің айлығы барысында “Цифрлы әлемге-кемел біліммен ” тақырыбында зияткерлік ойын өтті. Зияткерлік ойынның нәтижесі бойынша оқушыларға дипломдар мен белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табысталды. Мақсаты:Оқушылардың цифрлық сауаттылығын, информатика пәніне  деген қызығушылығын арттыру.
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық
15
ноябрь
2024
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық
Мектеп-гимназияда «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық» тақырыбында буллинг, кибербуллингтің алдын-алу мақсатында танымдық сабақ өтті. Сабақ барысында директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынбеков Дархан «құқықтық тәрбие» ұғымына анықтама беріп, оқушыларға арнайы бейнероликттер көрсетті.
🔰ЕР ЕСІМІ-ЕЛ ЕСІНДЕ
13
ноябрь
2024
🔰ЕР ЕСІМІ-ЕЛ ЕСІНДЕ
Мектеп-гимназияда Халық қаһарманы Ғазиз Әбдібекұлы Байтасовтың ерлігін еске алуға арналған "Ер есімі - ел есінде" атты танымдық сағат өткізілді.Халқына төнген қауіптің көзін жойғанша тыным таппай, ақтық демі қалғанша адалдық пен жауапкершілік танытып, бейбітшілік пен елдегі тыныштық  үшін өз өмірін құрбан еткен батырымыз мәңгі ел жадында.
⚜️МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ!⚜️
21
октябрь
2024
⚜️МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ!⚜️
 19 қазан күні мектеп-гимназияда “Өзін-өзі басқару” ұйымының президентін анықтау мақсатында сайлау өткен болатын.  Дауыс беруге мектеп-гимназия мұғалімдері мен               8-11  сынып оқушылары қатысты. Мектеп президентіне үміткер ретінде 9-10 сынып арасында 12 оқушы сайлауға түсуде. Сайлау нәтижесі бойынша ең жоғары дауыс жинаған 10 ”А” сынып оқушысы Арқабек Нұрбол “Өзін-өзі басқару” ұйымының президенті болып табылады.  Мақсаты; -Балалардың білімге деген құштарлығын арттыру «Өзін-өзі
⚜️"Поэзия падишасы -   Фариза"⚜️
19
октябрь
2024
⚜️"Поэзия падишасы - Фариза"⚜️
 Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына орай оқырмандарға ақынның  өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында  9"Г" сынып оқушысы Нұржабай Әсел өзінің буктрейлерінде Фариза ақынның "Жүрек күнделігі" атты өлеңдер жинағын таныстырады. Жинаққа енген адам жанын бірден баурап алатын нәзік сырлы, жүрек елжіретер өлеңдері кеудеңді күйсандық сазындай күйге толтырып, ой-санаңды дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленетінін аңғартады. Саңлақ ақынның жауһар жырларын оқып, жаныңызды шаттыққа бөлеңіз. 
"Үш бәйтерек: Тағлым  мен тағдыр"
15
октябрь
2024
"Үш бәйтерек: Тағлым мен тағдыр"
14 қазан 2024 жылы Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында  Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай  7- сыныптар арасында "Үш бәйтерек: Тағлым  мен тағдыр"  тақырыбында  дөңгелек үстел  өткізілді. Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты. Іс-шара мақсаты: Ақын шығармаларын насихаттау, оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, елжандылыққа
🔰МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИДЫҢ ТУҒАНЫНА 525 ЖЫЛ!
15
октябрь
2024
🔰МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИДЫҢ ТУҒАНЫНА 525 ЖЫЛ!
Биыл көрнекті мемлекет қайраткері, әйгілі тарихшы, ғалым, әдебиетші Мұхаммед Хайдар Дулатидың  туғанына 525 жыл.Осыған орай мектеп-гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Момынқұлова З.Т. ұйымдастыруымен “Атақты тарихшы, көрнекті қолбасшы” атты тарихи-танымдық сағат өтті. Оқушылар іс-шара барысында Дулати өмірі туралы деректермен танысып,қазақ тарихының қалыптасуына қосқан үлесі жайында ақпарат алды.Сонымен қатар тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, баяндама оқылды. Мақсаты: Қазақ