02
декабрь
2024
🔰АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ 9-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Ағымдағы жылдың 26-30 қараша күндері аралығында Астана қаласында Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша өтті.
Олимпиада нәтижесі бойынша мектеп-гимназиямыздың 11 сынып оқушысы Аманбек Қырмызы математика пәнінен жүлделі ІІ орынды иеленіп, күміс медальмен марапатталды. Жетекшісі: Тоқбаева Роза Кенесалиевна.
Ал, химия пәнінен қатысқан 10 сынып оқушысы Испанова Жанерке сертификатқа ие болды. Жетекшісі: Усенбаева Анар Ерденовна.
Облыс намысын қорғап келген оқушыларымызды мектеп ұжымы болып қарсы алдық.
Оқушыларымыз бен пән жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!