Оқушыларға » Страница 10 » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

"Мұра" қысқа метражды фильмі "Деректі кино"
25
февраль
2022
"Мұра" қысқа метражды фильмі "Деректі кино"
Аудандық білім бөлімі мен Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 23 ақпанында өткен "Қазақстан балалары шексіз әлемде!"  балалар киносының фестивалінде Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының  9"Ә" сынып оқушылары Серік Бағдаулеттің   "Мұра" қысқа метражды фильмі "Деректі кино" номинациясы бойынша І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі-педагог-ұйымдастырушы Жолдасов М. Оқушыларымызды жеңісімен құттықтаймыз және облыстық кезеңде
"Адам және қоғам циклі"
24
февраль
2022
"Адам және қоғам циклі"
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында  "Адам және қоғам циклі" пән бірлестігінің айлығы аясында тарих пәнінің мұғалімі Н.Т.Нарикбаеваның ұйымдастыруымен  "XXI ғасыр көшбасшысы" тақырыбында 8 сынып оқушылары арасында интеллектуалдық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: Оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету арқылы шыңдау. Жеңімпаздар бас жүлде, I, II, III орын дипломдары және алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаз оқушыларымызды құттықтаймыз!
«Аты аңызға айналған – Роза Бағланова»
21
февраль
2022
«Аты аңызға айналған – Роза Бағланова»
Ән мен сұлулық бәйгесінің тәжін қоса киген алаштың ай маңдайлы аруы Роза Бағланованың 100 жылдығына орай «Аты аңызға айналған – Роза Бағланова» тақырыбында сынып сағаттар ұйымдастырылды.  
«Штурман – ұшқыш Хиуаз Доспанова»
21
февраль
2022
«Штурман – ұшқыш Хиуаз Доспанова»
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында қазақ халқынан шыққан сан мыңдаған батыр ұл - қыздардың ішінде есімі елге ерекше таныс, қазақтың тұңғыш әйел - ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы – Хиуаз  Доспанованың 100 жылдық мерейтойына орай 5-7 сыныптар арасында «Штурман – ұшқыш Хиуаз Доспанова» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.  
"Ұлттық мектеп-лигасы" жарысының  ІІ аудандық іріктеу ойындары
18
февраль
2022
"Ұлттық мектеп-лигасы" жарысының ІІ аудандық іріктеу ойындары
Байзақ ауданы "Ұлттық мектеп-лигасы" жарысының  ІІ аудандық іріктеу ойындары бағдарламасындағы  волейболдан қыздар тобында 7-8 сыныптары арасында І орын диплом  алған Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп - гимназиясының командасы марапатталып, облыстық кезеңнің жолдамасын иеленді. Жеңісті күндеріміз көп болсын!  
"UZDIKTER ALEMI" байқауы
18
февраль
2022
"UZDIKTER ALEMI" байқауы
ІІ Республикалық "UZDIKTER ALEMI" байқауында  "КӨРКЕМСӨЗ" номинациясы бойынша өнер көрсеткені үшін Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Юсупов Абылайхан, Серікбек Диана , Қанатқызы Айзере БАС ЖҮЛДЕМЕН, Мұхтар Дидар І орын дипломмен марапатталды. Жетекшісі Умирбаева Құндыз Уразовнаға АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ!