29
апрель
2022
«Қыз көрікті көрінер қылығымен» тақырыбында семинар-тренинг
Сәуірдің 29 күні «Қыз Жібек» қыздар клубының ұйымдастыруымен «Қыз көрікті көрінер қылығымен» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинарға аудандық аурухана ЖДО гинекологы М.Ш.Ибрагимова, ЖДО психологы А.Н.Ержанова және мектеп медбикесі Б.Ахметова қатысты. Семинар барысында қыз балаларға адамгершілік, адалдық, жүріс – тұрыс дағдысы, қыз намысы туралы жан – жақты мағлұмат беру арқылы, қыз балалардың бойына рухани – адамгершілік, әдептілік, имандылық, тазалық қасиеттерді және жеке бас гигиенасын сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.











