Оқушылар жетістіктері » Страница 7 » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Жүз жасаған бәйтерек» атты аудандық онлайн эссе
01
март
2021
«Жүз жасаған бәйтерек» атты аудандық онлайн эссе
Бүгін, жыр алыбы, халық ақыны, жыраулық өнердің шебері, қазақ халқының ұлы перзенті Ж.Жабаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жүз жасаған бәйтерек» атты аудандық онлайн эссе байқауында айрықша шеберлік танытқаны үшін Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп – гимназиясының 3«З» сынып оқушысы РАЙЫМБЕРДИЕВ САНЖАР I дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңімпазды құттықтаймыз!  
«Алғыс айту» күні
27
февраль
2021
«Алғыс айту» күні
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп – гимназиясында 1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай мектеп кітапханашылары Д.Диханбаева мен Д.Майкенованың ұйымдастырумен 5-7 сынып оқушылары арасында онлайн форматында «Алғысым шексіз халқыма» шешендік өнер жарысы өткізілді. Жарысқа оқушылар белсенді түрде қатысты. Іс-шара соңында әділ-қазылар алқасының сараптауымен тақырыпқа сай жасалған бейнежазбалар жүлделі орындармен марапатталды. Жүлделі орын алған оқушыларды құттықтаймыз!  
«ЖАС ҰЛАН – 10 ЖАСҚА ҚАДАМ БАСТЫ!» атты облыстық челлендж
09
февраль
2021
«ЖАС ҰЛАН – 10 ЖАСҚА ҚАДАМ БАСТЫ!» атты облыстық челлендж
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп – гимназиясында «Жас Ұлан»  балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенді мүшелері арасында «ЖАС ҰЛАН – 10 ЖАСҚА ҚАДАМ БАСТЫ!» атты облыстық челлендж өткізілді. Белсенділік танытқан жасұландықтар  «Жамбыл облысы  «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер» қоғамдық бірлестігінің алғыс хаттарымен марапатталды.  
"ПОНИ Әлемді ашады" байқауы
08
февраль
2021
"ПОНИ Әлемді ашады" байқауы
"Пайымда! Ойлан! Нәтижеле! Игер!" халықаралық конкурсының  "ПОНИ Әлемді ашады" байқауының нәтижесі бойынша Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында 152 оқушы қатысып, 2 оқушы І дәрежелі, 14 оқушы ІІ дәрежелі, 53 оқушы ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!  
«Көңілді қыс» тақырыбында сурет байқауы
12
январь
2021
«Көңілді қыс» тақырыбында сурет байқауы
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп – гимназиясында «Жас Қыран» ұйымының белсенді мүшелері 3-4 сыныптар арасында «Көңілді қыс» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Байқаудан I орынды 3 «А» Хамит Ж, 3 «А» Мейрамбай А, 4 «Е» Сардар К, II орынды 3 «А» Абдімүмін С, 4 «В» Айдар І, 3 «А» Төлеген Ж,  III орынды 4 «А» Сарсенбек А, 3 «А» Жүзбай Г және  Нұралы Д иеленді. Жүлдегерлерді құттықтаймыз!  
«Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобасы
23
декабрь
2020
«Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобасы
         «Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобасы аясында республикалық «Мониторинг» байқауына Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының 8 «Ә» сынып оқушысы, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенді мүшесі Асылбекова Арайлым қатысып, III орын иегері атанды. Және тарихи-мәдени мұраны дамытуға қосқан үлесі үшін ақшалай сыйлықпен марапатталды.  
«Мың бала» Ұлттық олимпиадасы
14
декабрь
2020
«Мың бала» Ұлттық олимпиадасы
           Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымымен бірлесіп 2020 жылы Елбасы «Ел үміті» бастамасының аясында ауыл мектебі оқушыларының  арасында  «Мың бала» Ұлттық олимпиадасын өткізді. Олимпиада мақсаты - дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу үшін ауылдық жерлерден ерекше қабілетті 1000 оқушыны іріктеу. Аталмыш білім додасының I іріктеу кезеңіне Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының 5-6
«Менің елім-Қазақстан»  сурет байқауы
09
декабрь
2020
«Менің елім-Қазақстан» сурет байқауы
16 желтоқсан – Қазақтан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 6 сыныптар арасында «Менің елім-Қазақстан» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.  
«Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубының арасында өткен аудандық «Үздік сынып» атты байқауы
08
декабрь
2020
«Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубының арасында өткен аудандық «Үздік
«Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубының арасында өткен аудандық «Үздік сынып» атты байқауда мектеп-гимназиямыздың 6 «Б» сыныбы, сынып жетекшісі: Тәжібаева М II – орын алса, осы байқаудан 4 «В» сыныбы, сынып жетекшісі Сарбасова Н I орын алып, облысқа жолдама берілді. Сонымен қатар, «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубының жұмысының бастамаларына қолдау және бағыт-бағдар көрсетіп, әлеуметтік белсенділігімен азаматтық жауапкершіліктерін арттыруға қосқан зор үлесі үшін ДҚТІЖО Ш.Т.Кенжалиев алғыс хатпен