19
июнь
2021
Шымкент қаласында өткен футболдан Республикалық мектеп лигасы
Шымкент қаласында өткен футболдан Республикалық мектеп лигасында Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының футбол командасы ІІІ орын алды. Жеңімпаз команданың жаттықтырушысы, мектеп-гимназиямыздың дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Жеңісғали Ибрагимов.
Өзінің шәкірттерін мақтан тұтатын Жеңісғали Ибрагимовтың айтуынша, «Балалар өздерін жинақы ұстап, ойынның қарқынын да, деңгейін де арттырды. Бұл өте маңызды еді. Соңғы ойынға дейін мен өз балаларымның жеңіс тұғырынан көрінетіне сенгім келді. Басқа кім болады? деген ой үнемі санамнан шықпады», - дейді дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.
Оқу жылының соңында абыройымызды асқақтатқан футболшыларымызға алғыс айта отырып, жарқын жеңістерімен құттықтаймыз.


