Қызылорда қаласында Ұлттық мектеп лигасы аясында өткен «Ұшқыр доп» додасы » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » » Қызылорда қаласында Ұлттық мектеп лигасы аясында өткен «Ұшқыр доп» додасы
12
апрель
2021

Қызылорда қаласында Ұлттық мектеп лигасы аясында өткен «Ұшқыр доп» додасы

ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ: Н.КИІКБАЕВ КОМАНДАСЫ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА 
Қызылорда қаласында Ұлттық мектеп лигасы аясында өткен «Ұшқыр доп» додасы Жамбыл жұртына сүйінші хабарын жеткізді. «Евразия» спорт кешенінде ұйымдастырылған қол добы жарысында облыс атынан сынға түскен Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназия оқушыларынан құрылған команда жеңіс тұғырынан көрінді. Дүбірлі додада Қызылорда, Жамбыл, Атырау, Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды облысы мен Шымкент және Алматы қалаларынан келген командалар бақ сынады. Қарсыластардың мықтылығына қарамастан әрбір ойыншы өз міндетін жақсы атқарып, шәкірттеріміз біз артқан сенімді ақтай алды. Мейірбек Ақпанбетов пен Нұрлан Исаков баптайтын оқушылардың аяқ алысынан Байзақтағы қол добының дамуын көруге болады. Иә, мектебі қалыптасқан бұл спорттан аға буын облыста үнемі озық болса, енді жастар сол ізді жалғайды деген сенімдеміз. Осындай талантты оқушыларға рухани тұрғыда қолдауын көрсеткен мектеп ұстаздары да қуанышты көппен бөлісуде.