09
февраль
2023
«БАЛА ДАУЫСЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ!
Мектеп-гимназияда 9 ақпан күні талантты балалардың шабытын шыңдап, өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Бала дауысы» ән байқауы өтті. Байқауға 3-сынып оқушылары қатысып, жанды дауыста ән шырқады. Ән байқауында топ жарған жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, дүбірлі додаға қатысқан басқа да оқушыларға алғыс хаттар табысталды.




