10
февраль
2023
«БАЛА ДАУЫСЫ» ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ!
10 ақпан күні мектеп-гимназияда 4-сыныптардың арасында «Бала дауысы» ән байқауының соңғы кезеңі өтті. Талантты балаларды қолдау, оқушылардың әнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткен байқауда өнерпаздар жанды дауыста ән шырқады. Дүбірлі додаға белсене қатысып, топ жарып шыққан жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!



