13
март
2021
«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы
"Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деп айтқан Ғабит Мүсіреповтың осы сөздері кітаптың адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі екенін айқындайды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасын іске асыруда «Мектепке тағзым» және «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында мектеп түлегі Жолдасбеков Нуржан Желеуовичтың демеушілігімен мектеп кітапханасы қоры 60 дана көркем шығармамен толықтырылды. Демеушіміз кітапхана қорына заманауи баспалардан шығарылған бастауыш сынып оқушыларына арналған 20 дана қазақ ертегілерін, 30 дана қазақ ақын-жазушыларының өлеңдер жинағы мен повесть-романдарын, 10 дана ғылыми-танымдық энциклопедиялар жинақтарын тарту етті. Мектеп әкімшілігі кітапхана қорын жаңартуға қосқан үлесі үшін мектеп түлегіне алғысын білдіреді.






