16
апрель
2022
"Жаратылыстану сабақтарында зерттеу жүргізудің ерекшеліктері" тақырыбында әдістемелік семинар
2022 жылдың 16-сәуірінде Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында жаратылыстану пәндері әдістемелік айлығы жоспарына сәйкес "Жаратылыстану сабақтарында зерттеу жүргізудің ерекшеліктері" тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты: сабақ барысында зерттеу жүргізуге баулу арқылы бастауыш сынып оқушыларының ғылыми және жаратылыстану сауаттылығын арттыру. Семинарды бастауыш сынып мұғалімдері Қасымова А.Б., Төлеубекова Б.О. жүргізді. Семинар барысында оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамытудың теориялық негіздерін таныстырумен қатар, қатысушылармен бірқатар зерттеу жұмыстары жүргізілді












