Біз туралы » Страница 2 » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

Ұстаздар күні
11
октябрь
2024
Ұстаздар күні
"Ұстаздар күні" мерекесіне орай 8-9 сынып оқушылары арасында "Мектебің- алтын ұяң жарқыраған, Ұстазың- бұлақ көзің сарқыраған" тақырыбында эссе жазу ұйымдастырылды.
"Алтын сақа" олимпиадасы өтті.
02
октябрь
2024
"Алтын сақа" олимпиадасы өтті.
2024 жылдың 1 қазан күні Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гиназиясында 5,6 сынып оқушыларына арналған "Алтын сақа" олимпиадасының мектепішіілк кезеңі өтті. Олимпиада қатысуға тіркелген оқушылар 3 блокқа бөлінген 20 есеп құрайтын тапсырмаларды орындады. Академиялық адалдықты сақтау мақсатында олимпиаданың өтілу  барысы мектеп-гимназиясының youtube каналында тікелей эфирде трансляцияланды.  Оқушылар жауаптары тексеріліп, қорытындысы хаттамаға түсіріліп, комиссия мүшелері қолы және мөрімен
ОЛИМПИАДА КҮНДЕЛІГІ 4-КҮН
30
сентябрь
2024
ОЛИМПИАДА КҮНДЕЛІГІ 4-КҮН
Бүгін 28 қыркүйек күні 9-11 сынып оқушылары үшін ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадасының  кестесіне сәйкес информатика және география пәндері бойынша олимпиада өтті. Олимпиадаға информатика пәнінен 7 оқушы  және география пәнінен 8 оқушы қатысты.  Білім жарысында оқушыларымызға сәттілік тілейміз!   
"БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ - ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ" тақырыбында жиналыс өткізілді.
27
сентябрь
2024
"БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ - ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ" тақырыбында жиналыс өткізілді.
Нығметулла Киікбаев  атындағы  мектеп-гимназиясында балалардың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру мақсатында  2024 жылдың  қыркүйек айының 27 -сі күні білім беру ұйымының барлық ата-аналарына "БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ - ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ" тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында әлеуметтік желілердегі балалардың қауіпсіздігі талқыланды. Әрбір ата-ана балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды әлеуметтік медиа мен интернеттің зиянды әсерінен қорғауы тиіс екендігі айтылды.
ОЛИМПИАДА КҮНДЕЛІГІ 3-КҮН
27
сентябрь
2024
ОЛИМПИАДА КҮНДЕЛІГІ 3-КҮН
Бүгін 27 қыркүйек күні 9-11 сынып оқушылары үшін ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадасының  кестесіне сәйкес физика, биология, химия және математика пәндері бойынша олимпиада өтті. Олимпиадаға физика пәнінен 10 оқушы, биология пәнінен 11 оқушы, химия пәнінен 14 оқушы және математика пәнінен 13 оқушы қатысты.  Білім жарысында оқушыларымызға сәттілік тілейміз! 
ОЛИМПИАДА КҮНДЕЛІГІ 1-КҮН
26
сентябрь
2024
ОЛИМПИАДА КҮНДЕЛІГІ 1-КҮН
  Бүгін 25 қыркүйек күні 9-11 сынып оқушылары үшін ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың І (бастапқы) мектепішілік кезеңі басталды. Кестеге сәйкес құқық негіздері және Қазақстан тарихы пәндері бойынша олимпиада өтті. Құқық негіздері пәнінен 6 оқушы, Қазақстан тарихы пәнінен 12 оқушы өз білімдерін ортаға салды. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз! 
Әлеуметтік желідегі қауіпті ойындар
26
сентябрь
2024
Әлеуметтік желідегі қауіпті ойындар
Байзақ ауданы білім бөлімінің 2024-2025 оқу жылындағы әлеуметтік желідегі ойындар туралы жедел іс-шара жоспарына сәйкес  Нығметулла Киікбаев атындағы  мектеп-гимназиясының педагог - психологтары мектеп мұғалімдері мен сынып жетекшілерге "Әлеуметтік желідегі қауіпті ойындар" тақырыбында алдын алу жұмыстарын жүргізді. Профилактикалық жұмыс барысында Telegram және Tiktok әлеуметтік желілеріндегі "Тихий дом", Синий кит", "Красный дельфин" ойындарына тоқталды. Басты назарда бала өмірі мен
ОЛИМПИАДА КҮНДЕЛІГІ 2-КҮН
26
сентябрь
2024
ОЛИМПИАДА КҮНДЕЛІГІ 2-КҮН
Бүгін 26 қыркүйек күні 9-11 сынып оқушылары үшін ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадасының  кестесіне сәйкес қазақ тілі, қазақ тілді сыныптарда орыс тілі және ағылшын тілі пәндері бойынша олимпиада өтті. Қазақ тілі пәнінен 20 оқушы, қазақ тілді сыныптарда орыс тілі пәнінен 16 оқушы және ағылшын тілі пәнінен 13 оқушы қатысты.  Білім жарысында оқушыларымызға сәттілік тілейміз! 
🔰АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ!
16
сентябрь
2024
🔰АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ!
Мектеп-гимназияда “Біртұтас тәрбие” бағдарлмасының негізінде 7 “А” сынып жетекшісі Тезекбаева Г.К. “Уақытты ұйымдастыру және өзін-өзі басқару” тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыс барысында ата-аналар ситуациялық тапсырмаларды орындап, берілген тақырыптар төңірегінде пікір алмасты.
🔰АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ!
16
сентябрь
2024
🔰АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ!
Мектеп-гимназияда “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының негізінде 4 “Б” сынып жетекшісі Умирбаева К. “Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру” тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді.Жиналыс барысында уақытты ұйымдастыру туралы айтылды. Сонымен қатар мектептің ішкі тәртіп ережелері, мектеп формасы, бала қауіпсіздігі туралы сөз қозғалды.