28
январь
2021
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: ізденіс, тәжірибе, нәтиже» тақырыбында республикалық вебинар
2021 жылдың 28 қаңтарында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: ізденіс, тәжірибе, нәтиже» тақырыбында республикалық вебинар өтті. Вебинарға Маңғыстау облысы әкімдігінің аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, жауапты мамандар және мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Вебинарда Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры Ермекова Гүлбахрам Серікқызы «Оқушының оқу және жаратылыстану сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында баяндама жасап, мектеп-гимназияның оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бағытындағы іс-тәжірибесімен бөлісті.




