ОҚУШЫЛАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Бүгін мектеп-гимназияның 5-11 сынып оқушыларына ақпараттық сағат өтті. Ақпараттық сағатта ДҚТІЖО Ш.Т.Кенжалиев күзгі каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар, тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, оқушыларды каникул кезінде түнгі уақыттардағы жүріс, біреудің затын рұқсатсыз алып кету, өрт, электр тогы, су, әр түрлі жарылғыш заттардан сақ болуға шақырды. Сондай-ақ, мектеп медбикелері зиянды заттар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушылар өз ойларын ортаға салды