8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамы
Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Осы орайда Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында "Әйел отбасында шуақ, қоғамда тірек" тақырыбында кіші техникалық қызметкерлерді ерекше құттықтай отырып, тосын сый ұйымдастырылды. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты барлық ауыртпалықтарды көтеріп, талмай енбек еткендеріңізге мың алғыс!