Іс-шаралар » Страница 30 » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

🔰”ҚОЛӨНЕР” ҮЙІРМЕСІ ӨТТІ!
10
июнь
2024
🔰”ҚОЛӨНЕР” ҮЙІРМЕСІ ӨТТІ!
Мектеп-гимназияда “Біз бақытты баламыз” жазғы сауықтыру лагерінде “Қолөнер” үйірмесінің жетекшісі Сарбасова Назираның ұйымдастыруымен үйірме сағаты өткізілді.Балалар үйірме сағаты барысында қиялдарына ерік бере отырып, керемет туындыларды жасады.
🔰”ТІЛ БІЛГІРІ” САЙЫСЫ ӨТТІ!
10
июнь
2024
🔰”ТІЛ БІЛГІРІ” САЙЫСЫ ӨТТІ!
Мектеп-гимназияда “Біз бақытты баламыз” жазғы сауықтыру лагерінде “English club” үйірмесінің жетекшісі Заурбекова Индира мен Худаярова Динараның ұйымдастыруымен “Тіл білгірі” сайыс сабағы өтті. Сайыс сабағымыз 3 кезеңнен тұрды: 1-кезең. "Fast vs Slow" ("Жылдам/Баяу") 2-кезең. "Read more" ("Көбірек оқы") 3-кезең. "Riddles" ("Жұмбақтар") Сайыс соңында жасақтар дипломдармен марапатталды.
🔰”ҚОЛӨНЕР” ҮЙІРМЕСІ
08
июнь
2024
🔰”ҚОЛӨНЕР” ҮЙІРМЕСІ
Мектеп-гимназияда “Біз бақытты баламыз” жазғы сауықтыру лагерінде “Қолөнер” үйірмесінің жетекшісі Сарбасова Назираның ұйымдастыруымен “Бояулар сыры” тақырыбында үйірме сағаты өтті. Іс-шара барысында балалар бояулардың көмегімен тастарды бояу арқылы түрлі жәндіктерді, жануарларды, т.б. жасады.
🔰ENGLISH CLUB
08
июнь
2024
🔰ENGLISH CLUB
Мектеп-гимназияда “Біз бақытты баламыз” жазғы сауықтыру лагерінде “English club” үйірмесінің жетекшілері Заурбекова И., Худаярова Д. ұйымдастыруымен үйірме сағаты өткізілуде.Бүгінгі сабақ “Көкөністер мен жемістер әлеміне” арналды. Жаңа сабақты пысықтау барысында “Мен кіммін?” ойыны ойнатылды.
🔰ЖЫЛУЛЫҚ СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
08
июнь
2024
🔰ЖЫЛУЛЫҚ СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
Мектеп-гимназияда “Біз бақытты баламыз” жазғы сауықтыру лагерінде “Жан жылуы” үйірмесінің жетекшілерінің ұйымдастыруымен “Жылулық сыйлай білейік” тақырыбында әңгімелесу сағаты өткізілді. Іс-шара барысында балалардың арасында тренинг жүргізіліп, психологиялық кеңестер берілді.
🔰ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУЛАР ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ!
08
июнь
2024
🔰ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУЛАР ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ!
Мектеп-гимназияда “Біз бақытты баламыз” жазғы сауықтыру лагерінде “Ұлттық ойын” үйірмесінің жетекшілерінің ұйымдастыруымен таңғы жаттығулар тұрақты түрде жүргізілуде.
🔰БАЛАFEST: БАҚЫТТЫ БОЛСЫН ЖЕР БЕТІНДЕГІ БАЛАНЫҢ БӘРІ!
07
июнь
2024
🔰БАЛАFEST: БАҚЫТТЫ БОЛСЫН ЖЕР БЕТІНДЕГІ БАЛАНЫҢ БӘРІ!
Мектеп-гимназияда “Біз бақытты баламыз” жазғы сауықтыру лагерінде “БалаFest:Бақытты болсын жер бетіндегі баланың бәрі” атты ән-би фестивалі өтті. Өнерді серік еткен балапандарымыз әсем әннен шашу шашып, әдемі биді де билеп, барша лагерь қатысушыларына мерекелік көңіл-күй сыйлады.  Бақытты боп әр бала, Жүзінен нұр кетпесін. Балаларды қуантар, Бар жақсылық беттесін.
🔰САҚ БОЛ, БАЛАҚАЙ!
07
июнь
2024
🔰САҚ БОЛ, БАЛАҚАЙ!
Мектеп-гимназияда "Біз бақытты баламыз" жазғы сауықтыру лагерінің қатысушыларына мектеп медбикесі Ахметова Бибігүл Пралиевна кене шағудан сақтану жолдары бойынша толық ақпарат берді. Табиғатта, саябақта, жазғы саяжайда серуендеу кезінде кене шағудан қорғау үшін мейлінше жабық киінуді ұсынып, абай болуға шақырды.
🔰ТИМБИЛДИНГ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ!
07
июнь
2024
🔰ТИМБИЛДИНГ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ!
Мектеп-гимназияда “Біз бақытты баламыз” жазғы сауықтыру лагерінде “Бір үйдің баласындай” тақырыбында тимбилдинг ұйымдастырылды. Тимбилдинг барысында балалар ауызбіршілікпен берілген тапсырмалардан мүдірмей өтіп, белсенді топтарға дипломдар табысталды.
🔰ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП
06
июнь
2024
🔰ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП
Мектеп-гимназия жанындағы “Біз бақытты баламыз” жазғы сауықтыру лагерінде “Ұлттық бұрыш” алаңында  “Оқуға құштар мектеп” үйірмесінің жетекшісі Әзімбай А., Әшімбекова Г. ұйымдастыруымен “Ертегілер елінде” тақырыбында танымдық сағаттар өткізілді.