02
сентябрь
2024
Абайлаңыз балалар!
Мектеп-гимназиямызда 1 қыркүйек күні Байзақ аудандық ішкі істер полиция бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Абайлаңыз балалар!" акциясы өткізілді. Акцияның басты мақсаты – мектеп жасындағы жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оқушыларға жол жүру ережелерін таныстырып қана қоймай, оларды жол жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру, сондай-ақ балалардың жарақат алуы мәселелеріне жүргізушілердің, ата-аналар мен мұғалімдердің назарын аудару. Акцияға мектебіміздің полицияның көмекшілері - жас жол инспекторлары жұмылдырылды.