Іс-шаралар » Страница 27 » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

🔰ЕР ЕСІМІ-ЕЛ ЕСІНДЕ
13
ноябрь
2024
🔰ЕР ЕСІМІ-ЕЛ ЕСІНДЕ
Мектеп-гимназияда Халық қаһарманы Ғазиз Әбдібекұлы Байтасовтың ерлігін еске алуға арналған "Ер есімі - ел есінде" атты танымдық сағат өткізілді.Халқына төнген қауіптің көзін жойғанша тыным таппай, ақтық демі қалғанша адалдық пен жауапкершілік танытып, бейбітшілік пен елдегі тыныштық  үшін өз өмірін құрбан еткен батырымыз мәңгі ел жадында.
🔰12 қараша мектеп-гимназияда
12
ноябрь
2024
🔰12 қараша мектеп-гимназияда
«Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының жаңа Президентін  және министрлерін  ұлықтау рәсімі өтті. Мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйымының мектеп президенті  10 «А» сынып оқушысы Арқабек Нұрбол болып табылды. Мектеп-гимназия директоры Ермекова Гүлбахрам Серікқызы «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының жаңа көшбасшыларын  құттықтап, сертификат табыстады.  Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға сәттілік тіледі.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАС ҰЛАН» БІРЫҢҒАЙ БАЛАЛАР МЕН ЖАС ӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНЫҢ «МЕН ӨЗ ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА  ӨТТІ!
08
ноябрь
2024
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАС ҰЛАН» БІРЫҢҒАЙ БАЛАЛАР МЕН ЖАС ӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНЫҢ
 Мектеп-гимназияда «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында республикалық «Жас Ұлан», «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара ҚР Мемлекеттік Гимнімен басталып, жасұландықтардың мерекелік бағдарламасымен жалғасын тапты. «Жас Ұлан» ұйымына 25 оқушы, «Жас  Қыран» ұйымына  45 оқушы қабылданып, салтанатты түрде ант қабылдады. Іс-шараға құрметті қонақтары оқушыларды марапаттай отырып, алдағы атқарылатын жұмыстарға сәттілік тіледі.
МЕНІҢ ОТАНЫМ- МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ
26
октябрь
2024
МЕНІҢ ОТАНЫМ- МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназияда оқушылардың Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 25-қазан Қазақстан Республикасы күніне орай "Менің Отаным-менің мақтанышым” тақырыбында 7 сынып оқушылары арасында  эссе байқауы өткізілді.
⚜️«ОТАНЫМ-БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҒЫМ»⚜️
24
октябрь
2024
⚜️«ОТАНЫМ-БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҒЫМ»⚜️
24 қазан күні мектеп-гимназияда 8-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен  25 қазан-Республика күніне орай «Отаным-баға жетпес байлығым» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Мерекелік кеш Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Гимнімен басталды. Мектеп-гимназия директоры Ермекова Гүлбахрам Серікқызы көпшілікті Республика күнімен құттықтап, тәуелсіздіктің баға жетпес құндылық екенін атап өтті.  Оқушылар  патриоттық бағыттағы әндерді шырқап, әуезді күй тартып,  өз өнерлерімен көрермендерді серпілтті.
🔰МӘҢГІЛІК ЖАСА, ҚЫРАН ЕЛІМ ҚАЗАҚСТАНЫМ!
23
октябрь
2024
🔰МӘҢГІЛІК ЖАСА, ҚЫРАН ЕЛІМ ҚАЗАҚСТАНЫМ!
 Республика күні – Тәуелсіздігімізді дәріптеп, нығайтуға, егемендігімізді көздің қарашығындай сақтауға, азаматтығымызды бағалауға үндейтін мереке болып табылады. Жастарды отансүйгіштік қасиетке, елдік рух пен ұлттық ұстанымын берік етуге шақыратын ұлттық мерекенің маңызы зор.  Осы орайда мектеп-гимназиясының 5 “Б” сыныбының оқушылары “Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным” атты құттықтауларын жолдады.
⚜️МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ!⚜️
21
октябрь
2024
⚜️МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ!⚜️
 19 қазан күні мектеп-гимназияда “Өзін-өзі басқару” ұйымының президентін анықтау мақсатында сайлау өткен болатын.  Дауыс беруге мектеп-гимназия мұғалімдері мен               8-11  сынып оқушылары қатысты. Мектеп президентіне үміткер ретінде 9-10 сынып арасында 12 оқушы сайлауға түсуде. Сайлау нәтижесі бойынша ең жоғары дауыс жинаған 10 ”А” сынып оқушысы Арқабек Нұрбол “Өзін-өзі басқару” ұйымының президенті болып табылады.  Мақсаты; -Балалардың білімге деген құштарлығын арттыру «Өзін-өзі
🔰"Патша сөздің Фаризасы"
16
октябрь
2024
🔰"Патша сөздің Фаризасы"
Мектеп-гимназияда Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына орай  ақын қыздың өмірі мен шығармашылығы, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесі туралы мағлұмат беру мақсатында Қасымова Айнұр Берікбайқызы  9-сынып оқушыларымен "Патша сөздің Фаризасы"  тақырыбында  сағатын өтті. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, өмірі мен шығармашылығына шолу жасады.
🔰МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИДЫҢ ТУҒАНЫНА 525 ЖЫЛ!
15
октябрь
2024
🔰МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИДЫҢ ТУҒАНЫНА 525 ЖЫЛ!
Биыл көрнекті мемлекет қайраткері, әйгілі тарихшы, ғалым, әдебиетші Мұхаммед Хайдар Дулатидың  туғанына 525 жыл.Осыған орай мектеп-гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Момынқұлова З.Т. ұйымдастыруымен “Атақты тарихшы, көрнекті қолбасшы” атты тарихи-танымдық сағат өтті. Оқушылар іс-шара барысында Дулати өмірі туралы деректермен танысып,қазақ тарихының қалыптасуына қосқан үлесі жайында ақпарат алды.Сонымен қатар тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, баяндама оқылды. Мақсаты: Қазақ
🔰ЭКСПРЕСС САҒАТ ӨТТІ!
14
октябрь
2024
🔰ЭКСПРЕСС САҒАТ ӨТТІ!
Бүгін мектеп-гимназияда Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амалбекова М. “Сәкен Сейфуллиннің өмірі және шығармашылығы” тақырыбында экспресс сағат өтті. Мақсаты: көрнекті мемлекет қайраткері, ақын, жазушы, драматург, халық композиторы Сәкен Сейфуллиннің өмірімен,шығармаларымен таныстыру.