
19 қазан күні мектеп-гимназияда

“Өзін-өзі басқару” ұйымының президентін анықтау мақсатында сайлау өткен болатын. Дауыс беруге мектеп-гимназия мұғалімдері мен 8-11 сынып оқушылары қатысты. Мектеп президентіне үміткер ретінде 9-10 сынып арасында 12 оқушы сайлауға түсуде. Сайлау нәтижесі бойынша ең жоғары дауыс жинаған 10 ”А” сынып оқушысы Арқабек Нұрбол “Өзін-өзі басқару” ұйымының президенті болып табылады.
Мақсаты;
-Балалардың білімге деген құштарлығын арттыру «Өзін-өзі басқару» жұмысын жетілдіру, ұжымдық жауапкершілікті сезіне білуге қалыптастыру.