«Мұражай педагогикасы» байқауы » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

06
апрель
2019

«Мұражай педагогикасы» байқауы

Ағымдағы жылдың 5 сәуір күні Сарыкемер мектеп – гимназиясының базасында аудандық «Мұражай педагогикасы» байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты: туған өлкені, мәдени-тарихи ескерткіштерді, жергілікті тұрғындардың әдет-ғұрыптарын, өмірі мен жерлестердің қызметін зерттеу арқылы қатысушылардың шығармашылық әлеуетін бағалау. 
Аталмыш байқауға Н.К.Киікбаев атындағы мектеп – гимназиясының оқушылары да қатысты. «Бәрі мұражайға» акциясында мұражайға қатысты заттарды қолдан жасап, мұражайға табыс еткен 7 сынып оқушысы Ұзақбаев Елдос II орын иеленді. Жетекшісі: Қазыкеев Ж, Жолдасов Н.
«Петроглифтер галереясы» атты шатқалдарда, үңгірлерде түскен суреттер көрмесінен 7 сынып оқушысы Хайтбаева Мафтуна I орын иеленді. Жетекшісі: Биманова Ботакөз.
«Менің отбасым» скрапбукинг қолдан альбом жасаудан 8 сынып оқушысы Дүйсенова Эльнура II орын алды. Жетекшісі: Дүйсенова Роза.
«Ұлттық ойыншық» қолдан жасалған ойыншықтар көрмесіне 7 – 8 сынып оқушылары көрмеге жұмыстар дайындады. Жетекшісі: Шлмағамбетова Ақмарал.
Аудандық байқауда мектеп – гимназия абыройын асқақтатқан оқушыларымызға алғыс білдіре отырып, сәттілік тілейміз.