27
декабрь
2022
ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ – СҰЛУЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ!
23 желтоқсан күні мектеп-гимназияда қазақтың ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптеу, қыз балаларды инабаттылыққа тәрбиелеу мақсатында 9-сынып қыздарының арасында «Ал, қанекей, қыздар» байқауы өтті. Қыздар таныстыру, мың бұралып би билеу, қолөнер жұмыстарын жасау, салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру бойынша сайысқа түсті. Байқау жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар арнайы дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды.
Сұлулығымен, парасаттылығымен тәнті еткен ақылына көркі сай ару қыздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!




