16
сентябрь
2022
МҰХТАР МҰРАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Жылдағы әдеби дәстүр бойынша Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына арналған «Мұхтар мұрасы» атты мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауды өткізудегі басты мақсат – классик жазушы, ғалым Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық әлемін жас буынның санасына сіңіріп, әр қырын терең білуге ынталандыру және кеңінен насихаттау. Байқауға жас ізденушілер, жас ақындар және жас ерекшеліктеріне қарай оқушылар қатысты. Мәнерлеп оқу байқауына қойылған негізгі талаптар сахна мәдениеті, киім үлгісі, дауыс ырғағы, мәнерлеп оқу шеберлігі болды. Қазылар алқасының шешімімен талаптарға сәйкес келген қатысушылар марапатталып, аудандық кезеңге жолдама берілді. Байқауға барлық оқушылар жіті дайындықпен келген. Оқушыларды дайындаған мектеп мұғалімдері мен жетекшілеріне алғыс білдіреміз!







