
Мектеп-гимназияда “Біз бақытты баламыз” жазғы сауықтыру лагерінде “Лагерь ханзадасы мен ханшайымы” байқауы өтті. Байқау 4 кезеңнен тұрып, ханзадаларымыз мен ханшайым таныстыру, өнер көрсету, сән көрсетілімі, жазғы тағамдар жасау кезеңдері бойынша сынға түсті. Байқау жұптары бірінен-бірі асып түсті,жеңімпаздарға әділқазы алқалары шешімі бойынша дипломдар табысталды.