05
март
2025
🔰 Біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында мектеп-гимназияда тарих пәнінің мұғалімі Момынова Гүлжаухар 9 сынып оқушыларымен Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 113 жыл толуына арналған тарихи-танымдық сағат өтті.

Сабақта бейнероликтер көрсетіліп, Қонаевтың қызмет еткен жылдарындағы Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік өзгерістер, атап айтқанда, жаңа қалалар мен өндіріс орындарының салынуы, ғылым мен білім саласына қосқан үлесі талқыланды. Сондай-ақ оқушылар Дінмұхаммед Қонаевтың нақыл сөздерін айтып, оның тұлғалық қасиеттеріне тоқталды.
Қонаевтың өмірі мен қызметіне арналған тарихи-танымдық сағат барысында оқушыларға арнайы ұйымдастырылған шығармашылық тапсырмалар беріліп, олардың белсенділігі артты. Бұл іс-шара оқушыларға еліміздің тарихын тереңірек түсінуге және ұлы тұлғаларға құрметпен қарауға ықпал етті.