ЕГЕМЕНДІК ЖОЛЫНДАҒЫ ТАРИХИ ҚАДАМ

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай Мектеп-гимназияда желтоқсан айының 12 жұлдызында тарих пәнінің мұғалімі Кошкимбаева А. “Егемендік жолындағы тарихи қадам” тақырыбында танымдық сағат өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, егемендікті алу жолындағы жасалынған батыл әрекеттер жайлы сөз қозғалды. Танымдық сағатқа 9 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы тарихи оқиғаларын, батырлардың ерліктерін, халқымыздың қажыр-қайратын насихаттау арқылы жастардың отансүйгіштік сезімін арттыру.