ТӘУЕЛСІЗДІК-ЕЛІМНІҢ ЕРЛІК ЖОЛЫ!

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай Мектеп-гимназияда тарих пәнінің мұғалімі Қадырова Жансая “Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы” тарихи сағат өткізді. Тарихи сағат барысында Тәуелсіздік жолындағы күрестің қазіргі ұрпақ үшін маңыздылығын айтып, Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті.

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның егемендікке жету жолындағы тарихи қадамдары туралы мағлұмат беру, сол кезеңдердегі халқымыздың батырлығы мен табандылығын таныту, ұлттық рухты нығайтып, ел тарихына деген құрметті арттыру.