
Тьюторлық онлайн мектебі» жобасы бойынша «Кері байланыстың сабақты жақсартудағы рөлі» тақырыбында, Еңбек орта мектебі мен Мырзатай орта мектебінің мұғалімдерінің қатысуымен әдістемелік көпір ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты: сабақта кері байланысты ұйымдастырудың тиімділігін, қажеттігін түсіну, оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз етудің қолжетімді әдіс-тәсілдерін ұсыну.

Рефлексия мақсаты-еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру болып табылады. Іс-шара барысында қатысушылар мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала білетіні туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болатынын атап өтті.

Әдістемелік көпірді ұйымдастырып, іс-тәжірибелерімен бөліскен мектеп-гимназия ұстаздарына алғыс білдіреміз. Олар:
биология пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші
Калданова Клара Мубараковна,
химия пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші
Серикбаева Жексенкуль Торешовна,
химия пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші
Мержанова Гүлнәр Айбековна,
тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші
Кошкимбаева Асель Бакитжановна.