07
февраль
2025
Байзақ ауданы білім бөлімінің білім беру округтарының «Тьюторлық онлайн мектебі» ЖОБАСЫ бойынша кезекті сабағы өтті. Сабаққа Еңбек, Мырзатай және Н.Ақшабаев атындағы орта мектептерінің мұғалімдері қатысты.
Байзақ ауданы білім бөлімінің білім беру округтарының
«Тьюторлық онлайн мектебі» ЖОБАСЫ бойынша кезекті сабағы өтті.
Сабаққа Еңбек, Мырзатай және Н.Ақшабаев атындағы орта мектептерінің мұғалімдері қатысты.
Шеберлік сынып тақырыбы: Сабақта жасанды интеллекті мен цифрлық технологиялар: оқытуды жетілдіру.
Мақсаты: Педагогтерге жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқыту тәжірибесінде қолдану мен таратуда әдістемелік қолдау көрсету және тәжірибе алмасу.
Шеберлік сынып барысында мектеп-гимназиямыздың педагог-шебер, педагог-зерттеуші ұстаздарымыз жасанды интеллект пен арнайы цифрлық ресурстар арқылы оқыту жолдарын ұсынып, өздерінің нәтижелі жұмысымен таныстырып, тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда,
Аманова Салтанат Мынбаевна
Физика пәні мұғалімі
Педагог-шебер
Тезекбаева Гулсая Кадирбековна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Педагог-зерттеуші
Күздеева Гулнур Сафаровна
Математика пәні мұғалімі
Педагог-зерттеуші
Байғазиева Қымбат Рахымжановна
Информатика пәні мұғалімі
Педагог-зерттеуші
Іс-шара соңында педагогтермен кері байланысқа шығып,
цифрлық ресурстар кез келген уақытта ұстаздар үшін сабақтарды жоспарлай білуге, сабаққа қажет цифрлық материалдарды жасай және қолдана білуге, білім мазмұнының жаңаруына сай оқушылардың сапалы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ететініне тоқталды.